Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының тұрғыны бөтелкеден төрт бөлмелі үй тұрғызып алды (фото)

Опубликовано:

Қызылорда облысындағы Тұрмағамбет ауылының тумасы бөтелкеден төрт бөлмелі үй тұрғызып алды. Алпыс екі жастағы зейнектер аса көп шығынданбаған, ал баспанаға кәдімгі шөлмек, цемент пен құмды ғана қолданған деп хабарлайды Астана арнасы.

Кадр Астана арнасы
Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Алпыс екі жастағы Зәріп Мысабеков бөтелкеден тұрғызылған үйін қырық жыл армандағанын айтады. Шебердің сөзінше, бұл баспананың беріктігі сонша жылдар бойы қалпын бұзбайды.

Төрт бөлмелі мына үйді тұрғызуға Зәріп шеберге жарты жылдай уақыт пен 40 мың дана бөтелке қажет болған.

Кадр Астана арнасы
Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Қазір зейнеткер ыждағаттылық пен дәлдікті қажет ететін бейнеті зая кетпегеніне қуанады. Үйі сырт көзге нәзік көрінгенмен қыстың ызғары мен жаздағы аптап ыстыққа төтеп берді деп отыр.

"Қыста жылы. Термос қой бұл кәдімгі. Төзімділігі - мықты. Бұның сыртына ремонттың керегі жоқ. Енді бояймын десен бояй бересің ғой. Ал бірақ шыдамды енді. Төбесі негізі плитаны да көтереді. Өйткені мықты, бөтелке мықты. Біреу итеріп тастамаса, бұл тозбайды ғой, тұра береді", - дейді шебер Зәріп Мысабеков.
Шебер тұрызған баня. Кадр Астана арнасы
Шебер тұрызған баня. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Айта кетейік, зейнеткер шебер алдымен бос шөлмектерден шағын монша салған. Ерекше құрылыс материалының беріктігіне алдымен осылай көз жеткізген екен.

Қазір Зәріп шебердің бұл тәсілі ауылдастардың сұранысына ие.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789049-kyzylorda-oblysyny-trgyny-btelkeden-trt-blmeli-j-trgyzyp-aldy/

pixel