RU
Нұр-Сұлтанда бір отбасының бес мүшесі уланып, ауруханаға түсті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Нұр-Сұлтанда бір отбасының бес мүшесі уланып, ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Елордада бір отбасының бес мүшесі жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Олар уланып қалуын "Птичье молоко" тортын алып жеумен байланыстырған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.

Көрнекі фото: finecooking.ru

Көрнекі фото: finecooking.ru

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 15 сәуірінде елорданың жұқпалы аурулар ауруханасына 4 ересек пен 10 жастағы бір бала өткір ішек инфекциясымен жатқызылған.

Зардап шегушілер өздерін ауруларын Күйші Дина көшесі 13 үйде орналасқан "Happy Cake" дүкенінен "Птичье молоко" тортын алып жеумен байланыстырған.

Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті аталған нысанда тамақтан улануға қатысты тексеру жүргізіп, эпидемияға қарсы шараларды бастап кеткен.

Тексеру қорытындысы мен қабылданған әкімшілік шаралар қосымша хабарланады.

"Бұған дейін департамент "Happy Cake" дүкенінің кремді-кондитерлік өнімдерді пісіруге рұқсат қағаздарының жоқ екендігін және тексеру жүргізуге мүмкіншіліктің жоқтығын халыққа хабарлаған болатын. Себебі елімізде кәсіпкерлік субъектісі ашылған күнінен бастап үш жылға дейін тексеруден босатылған. Бұған қоса, 2017 жылы Ақмешіт көшесі 5 үйде орналасқан "Happy Cake" нысанына рұқсат беру құжаттарын беруден бас тартылған болатын. Себебі ол санитарлық талаптарға сай келмейді", - деп атап өтті департаменттен.

Сонымен қатар Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті елорда тұрғындарына кремді-кондитерлік тағамдарды сатып алмас бұрын сатушыдан санитарлық-эпимиологиялық қорытындысының бар-жоғын сұрауға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel