RU
Түркістан облысында 40 адамды тақырға отырғызған алаяқ әйел ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында 40 адамды тақырға отырғызған алаяқ әйел ұсталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының 40-тан астам тұрғынын алдаған алаяқ әйелге қатысты іс сотқа жолданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында 40 адамды тақырға отырғызған алаяқ әйел ұсталды

Көрнекі фото: www.tvc.ru

Наурыз айында Түркістан қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғыннан мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деп ақшасын алған азаматшаға қатысты арыз келіп түскен.

Бір ғана емес, осыған ұқсас тағы да ондаған адам полиция басқармасына арызданған.

Түркістан облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде Түркістан облысының жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғынын құрықтады.

Анықталғанындай, алаяқ әйел жұмысқа орналастырып беремін немесе мемлекеттен қаржы алып беремін деген жалған уәдемен адамдардың ақшаларын алып отырған.

"Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық бойынша 41 жайтқа қатысы бар екендігі және жәбірленушілерге 1,5 миллионға жуық залал келтіргендігі анықталған. Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жолданды", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel