Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті болса да саяхатшыларды өзіне тартатын қалалар туралы білесіз бе?

Опубликовано:

Төмендегі әрбір қаланың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Ол жерлердің табиғаты, архитектурасы көрген жанның таңдайын қақтырады. Бірақ саяхаттап барған өлкенің мәдениеті және дәстүрімен танысқанда абай болған жөн. Себебі бұл шаһарлар тек әдемілігімен ғана емес, сондай-ақ аса қауіптілігімен де танымал. Осындай әлемдегі айрықша қалалар туралы fishki.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Кали, Колумбия

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Кали - тұрғындары есірткі саудасымен айналысатын қала. Қаланың сәулеті кез-келгенді естен тандырады. Бірақ аталған аймаққа бару адам өмірі үшін қауіпті.

Карачи, Пәкістан

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Карачи Пәкістандағы екінші үлкен қала болып табылады. Тұрғындардың саны жөнінен әлем бойынша алғашқы үштікке кіреді. Шаһарда террорлық шабуылдар, қылмыстық оқиғалар, ұрлық, әскери қақтығыстар жиі орын алады.

Статистика бойынша 100 мың тұрғынның әрбір 12,3-і қаза табады.

Детройт, АҚШ

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Детройт - АҚШ-тың ең қауіпті аймақтарының бірі. Қалада 700 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Статистикаға сүйенсек, 100 мың адамның әрбір 45-і қайтыс болады. Қылмыстың көп орын алуы қала тұрғындарының жағдайының төмен болуы салдарынан тоқтамауда.

Рио-де-Жанейро, Бразилия

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Қала "туристтік Мекке" деп аталады. Рио-де-Жанейро Бразилияның екінші үлкен қаласы болып табылады. Қалада ұрлық, зорлық-зомбылық, көшенің ортасындағы кісі өлімі жиі орын алады.

Кейптаун, ОАР

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Оңтүстік Африка Республикасында орналасқан Кейптаун қауіпті қалалардың қатарына кіреді. Статисткаға сәйкес, 100 мың адамның 50,94 қайтыс болып, 8248 қылмыстық оқиға тіркеледі. Қалада қақтығыстар, өлім, зорлық-зомбылық, ұрлық белең алған. Саяхатшылар осы шаһарға келмей тұрып сенімді турагенттікпен шартқа отырғаны дұрыс.

Сана, Йемен

Фото: ru.depositphotos.com
Фото: ru.depositphotos.com: Facebook

Экономиканың тұрақсыздығынан 2012 жылдан бастап қалада өмір сүру деңгейі төмендеп кетті. Санада терроризмге қарсы жиі қақтығыстар, әскери шабуылдар, жарылыстар орын алып тұрады. Соның салдарынан қалада ұрлық пен кісі өлімі жиі тіркеледі. Тұрғындар ауыз судың жетіспеуінен де зардап шегуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789074-saahatsylardy-esten-tandyratyn-lemdegi-erekse-kalalar-turaly-ne-bilemiz/

pixel