RU
Желіде танысқан тараздық жігітке еріп кеткен қызын анасы жанұшыра іздеуде

Желіде танысқан тараздық жігітке еріп кеткен қызын анасы жанұшыра іздеуде

Рассказать Вконтакте

Алматының Есік қаласында интернет арқылы танысқан жігіттің үйіне кеткен қыз ұшты-күйлі жоғалып кетті. 18 жастағы алматылық Аружан Асхатқызы Тараз қаласында тұратын сүйіктісінің туыстарымен танысуға аттанған. Содан бері бойжеткеннен еш хабар жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

18 жастағы Аружан әлеуметтік желі арқылы Тараз қаласының Қуандық Сайытов есімді жігітімен танысады. Артынша сүйіктісі ақыл-есінің дамуы тежелген, 3-топтағы мүгедек қызды іздеп, Есік қаласына келген. Ал наурыз айында ол бойжеткенді туыстарымен таныстыру үшін Таразға алып кетіпті. Алайда, бақыт табуға кеткен ару содан бері байланысқа шықпаған екен.

Қызының амандығынан бейхабар болып отырған Венера Байзақова оны біреулер күштеп ұстап отыруы мүмкін деп күдіктенеді. Ол 21 наурызда кеткен қызын қайдан табарын білмей әлек.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Ал Қуандықтың анасы Клара Аружанның санаулы күннен кейін үйге қайтуға бел буғанын айтады.

"Мен жұмыста едім, үйдегілер шақыртып алды, кетемін деп жатыр деп. Жалғыз өзіңді таксиге салып жібере алмаймын. Түнде автобусқа саламы, азанда түсетіндей дедім. Автобсуқа салдым. Жолақысын төледім. Әр жағына маршуткамен үйіне жетіп алу үшін де ақшасын бердім", -деді ол.

Алайда әзірге Аружан Асхатқызын Алматыдан көрдім-білдім деген жан жоқ. Жылай-жылай жанары суалған анасы полицияға арыз түсіріпті. Ал еріктілер тобы Жамбыл облысы бойынша іздестіру жұмысына кіріскен.

Венара Байзақованың сөзінше, 18 жастағы Аружанның аяғы ауыр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel