Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Құдай анасы шіркеуіндегі өрт: Макрон оқиғаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Франция президенті Эммануэль Макрон Париж Құдай анасы шіркеуі аумағында болған өртке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Philippe Wang/Getty Images
Фото: Philippe Wang/Getty Images: Twitter

Мемлекет басшысы өз үндеуінде Париж тұрғындары мен барлық Франция жұртына өрттен зардап шеккен Нотр-Дам-де-Пари қалыпқа келтірілетініне уәде берді.

Макрон қала мэрі өрт басталғаннан бері тарихи ғимараттың жанында жүргенін түртіп өтті.

"Нотр-Дам- біздің тарихымыз, әдебиетіміз, көзқарасымыз, қиялымыз. Біздің соғысты, эпидемияны, бостандықты бастан кешірген орнымыз. Бұл біздің өміріміздің эпицентрі. Бұл қашықтықты есептеу эталоны", -деді ол халыққа жолдаған үндеуінде.

Сонымен қатар, өз пікірінде мемлекет басшысы оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілері аса қайсарлықпен және кәсіби түрде қызмет еткендерін алға тартты.

Ол өрт сөндірушілер өрттен ғимараттың алдыңғы тұсы мен екі негізгі мұнараны аман сақтап қалғанын айтты.

Макронның сөзінше, тарихи ғимарат міндетті түрде қалыпқа келтіріледі.

"Бұл, күмәнсіз, Франция тағдырының бөлігі. Және бізде алдағы жылдары орындалатын жоба", - деді ол.

Оған қоса, Франция басшысы қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын өткізу үшін мамандар байқау арқылы таңдалатынын жеткізді.

"Біз шіркеуді қалыпқа келтіреміз. Себебі, мұны француздар күтуде. Бұл біздің тарихымызға лайық және біздің тағдырымыз", -деді Макрон.

Айта кетейік, кеше кешке Париждегі Құдай анасы шіркеуі өртеніп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1789082-pariz-kdaj-anasy-sirkeuindegi-rt-makron-okigaga-katysyty-pikir-bildirdi/

pixel