Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждегі өрт: Француздар Құдай анасы шіркеуі жанында қалай сыйынды (видео)

Опубликовано:

Парижде Құдай анасы шіркеуінде болған өртпен арнайы мамандар ұзақ уақыт күресіп, біршама уақыттан соң өшірді. Қала тұрғындары тарихи ғимараттағы қызыл жалынды көргеннен кейін көшеге шығып сыйынып, тілсіз жауды сөндіруге өзіндік үлестерін қосты деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/GreggFavre және видеодан кадр
Фото: twitter.com/GreggFavre және видеодан кадр: Facebook

Өрт басталғанда Нотр-Дам ауданында орналасқан шіркеу маңына жергілікті тұрғындар жиналды. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жанып жатқан ғимараттың алдында кезекші жасақты тағайындады.

Тек бірнеше көшемен ғана жүру мүмкін болды. Қалғанында қала тұрғындары жинала бастады.

Париждіктер топ болып сыйынып, ән шырқады. Көптеген тұрғын бір аяқпен отырып жалбарынса, кейбіреуінің жанары жасқа толды.

Өртпен күресуде көмектеседі деген ниетпен қалалықтар "Аве Марияны" орындады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Францияда Париж Құдай анасы шіркеуі отқа оранды. Тарихи ғимаратты шарпыған жалынның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Ел президенті Эммануэль Макрон оқиға байланысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1789087-franciada-pariz-kdaj-anasy-sirkeui-otka-orandy/

pixel