Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі музыкатанушы, ғалым Жарқын Шәкәрім өмірден өтті

Опубликовано:

Белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым Жарқын Шәкәрім 71 жасқа қараған шағында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарқын Шәкәрім, фото: Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке парақшасы
Жарқын Шәкәрім, фото: Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке парақшасы: Facebook

Қайғылы хабарды мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. 71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым ағамыз Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, қайғылы хабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр...

Қазақ халқының рухани кемелденуіне үлес қосып, музыка өнерінің халықтық мүддеге сай өркен жаюына еңбек еткен, белгілі күйші, музыкатанушы, Әміретанушы, қоғам қайраткері Жарқын ағамыздан айырылып қалдық", - деді ол.

Министр марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, өмір бойы туған халқына қызмет еткен ғалымның қазасы қиынға соққанын алға тартты.

"Біздің бір көңілге медет ететініміз, Жарқын ағаның артында өлмейтұғын мұрасы қалды. Ардақты ағамыз шынында да бәріміз жақсы көрген абзал азамат еді. Ол өзінің барынша адал да таза қалпымен, ақжарқын да жайдары мінезімен жанымызға жақын болды. Нұры пейіште шалқысын", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789118-belgili-muzykatanusy-galym-zarkyn-skrim-mirden-tti/

pixel