RU

Токаев Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның делегациясын қабылдады

Сенат төрағасы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның делегациясын қабылдады.

Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның делегациясын қабылдады.

Шетелдік меймандарды ұйымның бас директорының орынбасары Лаура Томпсон бастап келді.Сенат спикері халықаралық ұйым мен Қазақстанның байланысын нығайтуды ұсынды.

Өз кезегінде, Қазақстан ұйымның халықаралық конвенцияларын және өркениетті көші-қон саясатын қолдайды.

Сол себепті, мемлекетіміз заңсыз көші-қонның алдын алып, мигранттарды әлеуметік қорғауға жағдай жасап отыр.

Қазақстан ұйымның сенімді серіктесі

Бұл Лаура Томпсонның Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Оның айтуынша, Қазақстан ұйымның сенімді серіктесі.

Томпсон Қазақстанмен бірігіп көші-қон, шекара мәселелерін қарастыру арқылы халықаралық көші-қон проблемаларын шешуге болады деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/178912-tokaev-koshi-kon-zhonindegi-halykaralyk-yjymnyn-delegacziyasyn-kabyldady.html