RU
23 жастағы бойжеткен мойнын қозғалтамын деп абайсызда инсульт алған
Жаңалықтар Калейдоскоп

23 жастағы бойжеткен мойнын қозғалтамын деп абайсызда инсульт алған

Рассказать Вконтакте

23 жастағы британдық Натали Куницки мойын буындарын қозғалтпақ болған кезде инсульт алып, сал ауруына шалдықты деп хабарлайды The Mirror сайтын сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: The Mirror

Фото: The Mirror

Натали буындарын қозғалтпақ болғанда оның омыртқа артериясы жарылып, мида қан ұйып, инсультты тудырған тромб пайда болған.

Ауруханада бойжеткенге томография мен ота жасалды. Алайда дәрігерлер тромбты алып тастай алмапты.

Бойжеткен дәрігер болып жұмыс істейді. Сол себепті диагнозды естігенде есеңгіреп, бірнеше күн өз-өзіне келе алмай жүрген. Айтуынша, ол ешқашан жап-жас күнінде инсульт аламын деп ойламаған.

Күнделікті жаттығулар Наталиге аяқ пен қол қозғалыстарын қалыпқа келтіруге көмектесті. Бойжеткен толық жазылмаса да ауруханадан шыға алатын жағдайға жеткен.

Әзірге ол денесінің сол жақ бөлігін сезіп, басқара алмайды. Дәрігерлер бойжеткеннің оңалуына қанша уақыт кететінін нақты айта алмайды.

Натали жұмысына тым құрығанда бір жылдан кейін қайта оралатынана үмітті.

Қазіргі таңда бойжеткен ата-анасымен бірге тұрады. Оның бауыры Наталиге қаржылай көмек бере алатын ерікті жандарға арнап парақша ашыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel