RU
Димашқа ғашық болған португалиялық қыз қазақша әндер орындауға көшкен (видео)

Димашқа ғашық болған португалиялық қыз қазақша әндер орындауға көшкен (видео)

Рассказать Вконтакте

Португалиялық кавер-әнші Лара Алесио қазақ тіліндегі туындыларды жоғары деңгейде орындап, Қазақстанда үлкен танымалдыққа ие болуда. Өнер иесі "Дудар-ай", "Ұмытылмас күн" әндерін шырқау арқылы желіні "жарды". NUR.KZ тілшісі әртіспен тілдесіп, қазақтың мәдениетін неге жақсы көріп қалғанын сұрады.

Фото: әншінің жеке парақшасы

Фото: әншінің жеке парақшасы

18 жастағы португалиялық қыздың сөзінше, Қазақстан туралы Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer жобасына қатысқан кезде бір-ақ білген.

"Қытайдағы"The Singer" шоуын көрген кезде Димаштың талантына таңдай қақтым. Оның орындауындағы "All by myself" әні есімнен тандырды.

Димашты тыңдау арқылы оның талантына ғашық болдым.

Әнді түсіне алатын жан ретінде айтатын болсам, ол - әлемдегі ең әдемі дауыс иесінің бірі.

Димаштың орындау техникасы, музыканы жеткізе алуы, эмоциясы өте тамаша", - деді Лара.
Фото: әншінің жеке парақшасы

Фото: әншінің жеке парақшасы

Лара Алесио қазақтың мәдениетін жақсы көріп қалғанын алға тартып, Қазақстанға қонақ болып келуді жоспарлап жүргенін жасырмады.

"Менің жоспарымда Қазақстанға саяхат жасау бар. Қай күні екенін нақты білмеймін. Бірақ бұны міндетті түрде орындаймын.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау және Ақтөбені көргім келеді. Көптеген талантты әншілерді тәрбиелеп шығарған мемлекетпен танысқым келеді.

Қазақстанның жанкүйерлер әлемдегі шынайы жандардың қатарында. Мен "сәтсіз болатын шығар" деп қазақ тілінде ән орындауға қорықтым.

Бірақ қазақстандықтар мені қолдап, шешім шығаруға жігер сыйлады", - деді жас әнші.

Ол Португалияда Димаштың көптеген адамдарға ұнайтынын жеткізді.

"Менің елімде Димаштың әндерін сүйіп тыңдайтын тұрғындар өте көп. Қазір Португалия екі қазақстандықты жақсы біледі. Олар Димаш пен боксшы Головкин", - деді Лара.

Жас әнші қазақ тілінде ән шырқап қана қоймай, қазақ тілін меңгеруді бастап кеткенін тілге тиек етті.

"Мен қазірдің өзінде қазақ тілінде бірнеше тіркесті жатқа білемін. Олар "Мен сені сүйемін", "Сәлеметсіз бе" және "Рақмет", - деп ағынан жарылды португалиялық өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
3
29
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel