RU

Қазақстанда президент сайлауын өткізуге 9,4 млрд теңге бөлінеді

Қаржы министрі Әлихан Смаилов үкімет отырысында сайлау өткізуді қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Original
"Бүгін үкімет отырысында үкімет резервінен сайлау өткізуді қамтамасыз ететін 9,4 млрд теңгені бөлу туралы шешім қабылдадық. Бұл сома негізінен, Қазақстан бойынша шамамен 70 мың адам жұмыс істейтін 10 мың сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Міне, негізгі бөлікте, әрине, осы сайлау учаскелерінің жұмысына қатысатын адамдардың жалақысына бағытталады", - деп түсіндірді ол.

Қаржы министрі бұл соманың түзетілгенін хабарлады.

"Бастапқыда сандар өңірлерден өтініш бойынша түсті, біз әр өңір бойынша учаскелердің санын, онда жұмыс істейтін адамдардың санын нақтыладық. Барлық адамдар осы учаскелерде толық уақыт жұмыс істемейді. Яғни, осы нюанстардың барлығын есептеп, 9,4 млрд теңге шығардық", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, қазақстандықтар жаңа басшыны 9 маусымда сайлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789138-kazakstanda-prezident-sajlauyn-tkizuge-94-mlrd-tege-blinetin-boldy.html