RU
Шалқар әкімі екі қолынан айырылған баланың отбасына үш бөлмелі үй сыйлады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шалқар әкімі екі қолынан айырылған баланың отбасына үш бөлмелі үй сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі ойнап жүріп, мүгедек болып қалған оқушының отбасын қуантты. Қамкөңіл болып отырған көпбалалы ана Гүлмира Фаткулинаға аудан әкімі өз қолымен үш бөлмелі жеке үйдің кілтін тапсырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Дамирдің анасын аудан әкімдігіне шақырып, жеке үйдің кілтін табыстадық. Ол толықтай дайын тұрған үй болатын. Отбасы қазір көшіп алған болу керек. Баланың өзіне оңалту лагерьге жолдама алып береміз",-деді Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Естеріңізге салсақ, қайғылы жағдай өткен жылдың қазан айында тіркелген болатын. Онда мектеп ауласындағы трансформатор күркесіне кіріп кеткен 4-сынып оқушысының екі қолы күлге айналған еді.

Бірнеше рет жасалған отадан кейін баланың екі қолы иығынан кесіліп, кеудесіндегі, аяғындағы күйіп кеткен жерлер алынды.

Фото: Жанұялық мұрағаттан

Фото: Жанұялық мұрағаттан

Отбасыға табысталған жеке үйдің ауласында жаз үйі де бар. Сонымен қатар, аудан әкімдігі аз қамтылған көпбалалы отбасыларға жергілікті бюджеттен алты баспананың кілтін табыстаған.

Аудан әкімі жыл соңына дейін әкімдіктен көмек сұрап келген тағы бірнеше отбасыға баспана кілтін бермек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel