RU
Есімов үкіметтен шетелдегі қордың активтерін барынша қорғауды сұрады

Есімов үкіметтен шетелдегі қордың активтерін барынша қорғауды сұрады

Рассказать Вконтакте

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының төрағасы Ахметжан Есімов үкімет отырысында министрлерге шетелдегі қордың активтеріне құлып салу мәселесін көтерді деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ахметжан Есімов, фото: primeminister.kz

Ахметжан Есімов, фото: primeminister.kz

Ол автивтерді тыйым салуына байланысты шетелдік юрисдикциялардағы сот процестеріне қорды ұдайы тарту практикасы белең алып жатқанын өкінішпен айтты.

Есімовтың сөзінше, 2017 жылдың күзінде қорға тиесілі құны бес миллиардтан астам долларды құрайтын Қашаған акцияларына шектеу қойылса, ал 2018 жылы 38 миллионнан астам долларды құрайтын түркиялық "Sekerbank" акцияларына тыйым салынған.

Ол қордың активтеріне тыйым салу қаупі жалпы активтердің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етіп жатқанын алға тартты.

Есімов осыған байланысты арнайы меxанизмді тездетіп енгізуді ұсынды.

Оның айтуынша, соның арқасында қордың активтерін қорғауға болады.

"Бұны мен тек Роман Васильевичке (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі - авт.) ғана емес, басқа да жігіттер осы мәселенің біз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсылап түсінсін дегенім ғой.

Осыған байланысты біз әділет және қаржы министрліктерінен Қазақстан Республикасына қарсы шығарылған xалықаралық процестер бойынша шешімдерді орындау меxанизмін әзірлеуді ұсынған едік.

Ондай меxанизм болса, ол арқылы ұлттық қордың, квазимемлекеттік сектордың активтеріне тыйым салудан қорғануға болады", - деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының төрағасы Ахметжан Есімов.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel