RU

Қазақстандағы әкелер одағының төрағасы Қуаныш Жұматаев қайтыс болды

Қазақстанның қоғам қайраткері Қуаныш Жұматаев 40 жасында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуаныш Жұматаев. Фото: facebook.com/kuanysh.dzhumataev
Қуаныш Жұматаев. Фото: facebook.com/kuanysh.dzhumataev: Twitter

Қайғылы хабарды Жұматаевтың жақындары Facebook парақшасында жеткізді.

Өлімнің себебін туыстары айтқан жоқ.

Қуаныш Жұматаев - қоғам қайраткері, танымал қазақстандық меценат болды. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Ол 2012 жылы елордада "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігін ұйымдастырған.

Ұйымның негізгі мақсаты - әкенің абыройын нығайту еді. Бірлестік мүшелері әкелердің балаларды тәрбиелеуге белсенді атсалысуы үшін неше түрлі іс-шаралар өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789163-kazakstan-keleri-odagyny-tragasy-kuanys-zmataev-kajtys-boldy.html