RU
"Қалай істеді?": Шетелдік БАҚ ерекше гол соққан қазақ футболшысына таңғалды
Жаңалықтар Спорт

"Қалай істеді?": Шетелдік БАҚ ерекше гол соққан қазақ футболшысына таңғалды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік Sports.ru сайты шымкенттің "Ордабасы" клубының ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбайдың голын маусымның ең әдемі голының бірі деп бағалады. Комментатор қазақстандық шабуылшының ойынына таңғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқтар Жаңғылышбай "Ордабасы"-"Астана" ойыны кезінде. Фото:fcordabasy.kz және PFLK TV

Тоқтар Жаңғылышбай "Ордабасы"-"Астана" ойыны кезінде. Фото:fcordabasy.kz және PFLK TV

Шымкенттік клубтың шабуылшысы Жаңғылышбай "Астана" клубына тамаша гол салды.

Тоқтарға сол жақ қапталдан әріптесі пас береді, ал допты футболшы ерекше әдіспен тоқтатып, қақпаға тоғытты.

Шетелдік БАҚ қазақ футболшысына таңғалғанын алға тартып, мұндай сәттерді тек айтулы чемпионаттардан ғана көретінін ашып айтты.

Спорт комментаторы Жаңғылышбайдың тоқтату әдісін атақты Деннис Бергкамп ойынымен салыстырды.

Ол осыдан 17 жыл бұрын лондондық "Арсенал" ойыншысының "Ньюкасл" қақпасына соққан голын еске түсірді.

Айта кетейік, "Астана" мен "Ордабасы" арасындағы ойында елордалық клуб 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel