RU

Қазақстанда 17 сәуір күні телерадио хабарлар тарату тоқтатылады

Ертең, 17 сәуір күні Қазақстанда телерадио хабарлар тарату уақытша тоқтатылады деп хабарлайды "Қазтелерадиоға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: novostidnja.ru
Көрнекі фото: novostidnja.ru: Facebook

Ұлттық оператордың ақпараты бойынша, 17 сәуір күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін профилактикалық жұмыстар жоспарланған. Сондықтан, осы уақыт аралығында телерадио хабарлар тарату уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадода" түсіндіргендей, бұл шаралар халыққа телерадио хабарлар таратудың сапасын арттыру үшін орындалмақ.

Компания қазақстандықтардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789176-kazakstanda-17-suir-kni-teleradio-habarlaryn-taratu-toktatylady.html