RU
Алтынбек Рахметов 25 жыл отасқан жарына қайта ұсыныс жасады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алтынбек Рахметов 25 жыл отасқан жарына қайта ұсыныс жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

50 жасқа толған танымал отандық продюсер Алтынбек Рахметов ғашықтар күнінде 25 жыл отасқан әйеліне қайта ұсыныс жасап, елді таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынбек Рахметов 50 жасын дәл ғашықтар күнінде тойлауды алдын ала ойластырып қойған көрінеді.

Танымал продюсер ең жақын адамдары жиылған дүбірлі тойда 25 жыл бұрын отасқан сүйіктісіне қайта ұсыныс жасаған. Ерекше сәттің видеосын продюсер өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Ол барша қонақтардың көзінше тізерлеп, аяулы жарына жүзік ұсынған.

"Алдағы 25 жылда менімен бірге боласың ба?" деген Рахметовтың сауалына жары "иә" деп жауап берген.

Жұбайына деген сезімінің беріктігін паш етуге жасқанбаған продюсердің әрекеті қалың көпшілікті тәнті еткен. Той меймандары ер адамға риза болып, оған аямай қол соқты.

"Ревю" бағдарламасына сұхбат берген Алтынбек Рахметов жарына қайта ұсыныс жасауын бұрынғы кезеңде мұндай мүмкіндік болмағанымен түсіндірді.

"90-шы жылдары сақина беріп, былай тұрып, ұсыныс жасайтын кезең болған жоқ. 25 жыл өткеннен кейін мен гауһартас қапталған сақина сатып алып, бір тіземді бүгіп әйеліме ұсыныс тастадым. Ол кісі маған "иә" деді. Мен қобылжыдым, жаңа ғана үйленіп жатқан жігіттей болдым. Бірақ арманымды орындадым" , - деп ағынан жарылды продюсер.

Сіздің реакцияңыз
14
0
1
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel