Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолдасымен тойда танысып, отбасын құрған егіз қыздың анасы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Алматылық Аяла Ержанқызы жолдасымен әпкесінің тойында танысып, онымен отбасын құрған. 22 жастағы жас ана екі егіз қызды дүниеге әкеліп, олардың тәтті қылықтарын қазірдің өзінде желіге жариялап үлгерген. Жас ананың махаббат хикаясын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап көрді.

Фото отбасылық мұрағаттан алынды
Фото отбасылық мұрағаттан алынды: Instagram

Аяла Ержанқызының айтуынша, ол осыдан бір жарым жыл бұрын тұрмыс құрған екен.

"Кішігірім отбасымызды кұрғанымызға бір жарым жылдан астам уақыт өтті. Жолдасымның есімі - Әбілда Нұрсұлтан. Ал кішкентай егіз қыздарымыздың есімі - Амина мен Медина. Екеуміздің танысу хикаямыз да қызық болды.
2015 жылдың 7-ші қарашасында, менің туған әпкемнің үйлену тойына Нұрсұлтан фотограф жігіт болып келген. Сол жолы танысып, екеуміз біраз уақыт телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Ең алғаш кездесуге шақырған күнінде-ақ жігітім маған сөз салып, екеуміз шаңырақ құрдық", - дейді жас ана.

Бүлдіршіндердің анасы қыздардың желіде суретін жариялауға еш қорықпайды. Айтуынша, адам санасына "тіл-көз тиеді деген ойды" мүлде жолатпау керек екен.

"Желіге баланың суретін салма көз тиеді дегенге өз басым сенбеймін. Ең алғашында расымен үлкен кісілер, үйдегі ата-аналарымыз салмандар, көз тиеді деп қарсы болған еді. Сол себепті 2-3 айларына дейін түрлерін көрсетпей жүрдім. Меніңше адам егер сондай ойды саналы түрде ойласа, әрине солай болады, сондықтан жаман ойламау керек. Ал көз, сөз дегендерге мүлде сенбеймін тек бір Аллаға сенемін", - дейді келіншек.

Сондай-ақ ол желідегі оқырмандар санын көбейтіп, жарнама жасайтын аналар туралы да өз ойын ортаға салды.

"Қазір атақты адамдардың жеке парақшасына кірсең, екінің бірінен жарнама арқылы табыс табатынын аңғаруға болады. Егер жарнама жасайтындай сапалы дүние болса ғана, ондай әрекетке бару керек деп ойлаймын. Жалпы, адамзат бұған дейін де әлеуметтік желілерсіз өмір сүрген. Сол себепті желіде тілдескеннен гөрі, шын өмірде жүздесіп, әңгіме-дүкен құрғанға ештеңе жетпейді", - дейді жас ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789208-1704zoldasymen-tojda-tanysyp-otbasyn-krgan-egiz-kyzdy-anasy-turaly-ne-bilemiz/

pixel