RU
Әлдекімнің кесірінен желіде жезөкше атанған отбасылы келіншек жанайқайын жеткізді

Әлдекімнің кесірінен желіде жезөкше атанған отбасылы келіншек жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Тараз тұрғыны Лаура Оңғар бүгінде түн ұйқысынан айырылып отыр. Әлдекімдер отбасылы келіншектің атынан ұятсыз парақшалар ашып, оны желіде жезөкше ретінде көрсеткен. Олардың кесірінен айрандай ұйыған отбасының шырқы бұзылып, әйел адам ұялғанынан тіпті далаға шықпайтын болған деп жазады КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. КТК

Фото: видеодан кадр. КТК

Осыдан екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан Лаура Оңғар өзінің атынан ашылған сансыз ұятсыз парақшалар отбасын ойрандауға аз қалғанын жеткізді.

Бұл оқиға алты жыл бойы кездесіп, бір-бірін қатты сүйетін жұптың сеніміне селкеу түсірген.

23 жастағы келіншек басына түскен аса ауыр жағдайды өзі баяндап берді.

"Бұл жағдай менің сырға салуымнан кейін, бір жылдан соң басталды. Бастапқыда, бірден менің атымнан парақша ашылған жоқ. Біріншіден, белгісіз біреуден жігітімнен екіқабат екенін жазған хабарлама келді. "Шерхан мені екіқабат қылып, тастап кетті. Лаура екеуі мұны біле тұра, үйленбек" деген мәтіндегі хаттар келді. Менен бұрын хабарламаларды алдымен күйеуімнің достарына жіберген.
Сондықтан ол мені ескертті. "Осындай хабарламалар келіп жүр. Ертең саған да келіп жүрсе, сеніп қалма" деді. Жарайды дедім. Кейін бұл хабарламалар мен және Шерханның достарымен шектелген жоқ. Хаттар менің достарыма, әпкелеріме де жіберілді. Менің туысқандарымнан бірінші болып, ағама жазды" , - деді Лаура.

Келіншек бұл хабарламаларға жолдасы Шерхан не деп жауап бергенін де айтты.

"Ол бұл адамды мүлде білмейтінін жеткізді. Әрине мен ол кісіге сендім. Күйеуім оны білмеймін деді. "Ондай оқиға мүлде болған емес. Болған күннің өзінде, мен осы уақытқа дейін жігітпін ғой шешуші едім. Бірақ, менде мұндай ешкім болған емес. Сенің атыңа кір келтірмес үшін мен осы нәрсенің барлығын тоқтататын едім" деді маған" , - деп бөлісті келіншек.

Анықталғандай, толассыз хабарлама таратушы қыз үш-төрт ай жүктілігінде түсік болып, Шерхан оны тастап кеткенін жазған. Басында тек хатпен шектелген ол кейіннен Лаураның атынан жыныстық қатынас ұсынатын парақшалар аша бастаған.

"Күйеуім ізденді, қарастырды. Оны кім ашып жатқанын анықтау үшін қажетті адамдарды тартты. Бірақ, ешкім анықтап бере алмады. Ал желідегі ұятсыз суреттердің бірде-біреуі менікі емес. Мен мүлде олай түспеймін. Тек қысқа киіп түскен екі суретім бар. Ол менікі. Бірақ, жалаңаш мүлде киімі жоқ фото менікі емес.
Хабарласып жатқандар көп. Ол менің суреттерім мен нөмірімді түрлі әлеуметтік желілерге тастап жатыр. Алматы, Шымкент тағы басқа қалалардың жезөкшелер сайтына шығарып жатыр. Қай жерде ер адамдар көп отырады, сол жерге көп тастайды.
Бір түнге бес мың, төрт мың және үш мың. Әртүрлі қойып қояды. Ол кісілер мен жоқ десем де, бәрі ортамызда қалатынын, ешкімге айтпайтынын жеткізеді. Тіпті, 40-50 мың беруге әзір болғандар да болды. Жолдасым бірнеше рет тұтқаны өзі көтерген. Ер кісілердің әңгімесі бейәдеп сөздермен аяқталатынын білесіз. Сол үшін ол адамның да, өзімнің де жүйкемді жұқартпас үшін мүлде жауап бермей қойдым.
Алайда, өзім сұлулық салонында жұмыс істегендіктен клиенттерімнің нөмірін сақтамаймын. Сол себепті, салонға жазылмақшы қыздар болар деп кейде алып қаламын" , - деді Лаура.
Сіздің реакцияңыз
21
7
7
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel