Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полицей өзіне қол салмақ болған жас жігітті құтқарып қалды

Опубликовано:

Түркістан облысының Созақ ауданында учаскелік полицей өмірімен қоштаспақ болған жас жігітті құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында полицейлер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды
Көрнекі фото: Gagauz News: UGC

Оқиға 14 сәуір күні кешкі уақытта болған.

Көпқабатты тұрғын үй шатырларының бірінен құлағалы тұрған ер адамды байқаған тұрғындар дереу тәртіп сақшыларын шақырған.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Мұрат Джұрықбаев хабарланған жерге жедел жетіп, ер адамның шатырдан секіруге оқталып тұрғанын көрген.

Ол жас жігітке ақырындап жақындап, қас қағым сәтте оны қапсыра құшақтап, қауіпсіз жерге апарған.

Сол сәтте учаскелік полиция инспекторына Созақ аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері көмекке келіп үлгерген. 

Полицейлер жас жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Өмірімен қош айтыспақ болған жігіт Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Жас жігітті суицидке қаржы тапшылығы итермелеген көрінеді.

"Аталған дерек полиция бөліміндегі алдын ала тергеу тізіліміне тіркелді. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабардар етті Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1789226-trkistan-oblysyny-policejleri-zine-kol-salmak-bolgan-zigitti-ktkaryp-kaldy/

pixel