RU
Кісі қолынан қаза тапқан шымкенттік ерлі-зайыптылардың ұлы сұмдық жайттың бетін ашты
Жаңалықтар Қоғам

Кісі қолынан қаза тапқан шымкенттік ерлі-зайыптылардың ұлы сұмдық жайттың бетін ашты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте аса қатыгездікпен кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты кәсіпкерлердің ұлдары сұмдық жайттың бетін ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кісі қолынан өлген шымкенттік ерлі-зайыптылардың ұлы сұмдық жайттың бетін ашты

Көрнекі фото: letstakemetoad.com

Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 6 ақпанында болған.

Марқұмдардың ұлдары, Серік Толыбаевтың сөзінше, күдікті әкесінің басынан атып, ал анасын пышақтап өлтірген.

Ал үй тонауға келген ұры бұрын осы шаңырақтың көлік жүргізушісі болып істеген. Қанды қылмыс болған күні сол үйде қаза тапқандардың 14 жастағы немерелері қарақшыдан тығылып, жан сақтапты.

"Жиенім түнгі сағат бір шамасында телефон шалып: "аға, тез келіңіз, атамның басынан қан ағып жатыр" деді. Мен жақын маңда тұратын едім. Бес минутта келіп жетсем, анам аулада бүк түсіп жатыр. Денесінің сау тамтығы қалмай пышақталған, тірі еді. Үйге кірсем қонақ бөлмеде ұйықтап отырған әкемнің басынан атып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше анам да қайтыс болды. Ал жиенім қатты шошып қалған. Қорқып, көрпенің астына тығылып, жата бергеннің арқасында аман қалған" ,- дейді марқұмдардың ұлы Серік Толыбаев.

Ұлдарының сөзінше, отбасы күдікті ретінде үш азаматты атаған. Олар осы үйдің бұрынғы жұмыскерлері. Яғни, бір жарым жыл бұрын Толыбаевтардың үйінен ақша ұрланып, қызметшілерді жұмыстан босатқан екен.

"Қылмыс болған күні бұрынғы көлік жүргізуші Құлахметов кінәсін мойындағандықтан қамауға алынды. Үйден он миллионға жуық қаржы жымқырылған. Сондай-ақ екі миллион теңге мен екі алтын сырға күдіктінің досынан табылды. Күдікті қылмысының себебін "мені жұмыстан негізсіз шығарып, қаралады. Намысыма тиді, жұғынды секілді тамақ берді, сол үшін өш алдым" дейді. Айтып тұрғаны өтірік.
Бәріміз бір дастарханнан ас іштік, яғни мен не ішсем, соны жеді. Анамның тойханасы бар, сол жерден түстенетін еді. Өш алар болса, неге бір жарым жылдан соң келді? Неге үй тонайды? Бәрі жұмбақ. Ең сорақысы сол күні үйге бөтен екі адам кірген. Яғни бірі жүргізуші болса, екіншісі кім? Қазір тергеу ісінде осы жайттар ескерілмей отыр", - деп күйінде қара жамылған азамат.

Резервтегі полицей ата-анасың өлімін тергеушілердің істі салғырт қарап, сараптаманың толыққанды жүргізбегеніне наразы.

"Мен де полицияда тергеуші болып істегенмін. Мына істе шикілік бар. Әкемді басынан атып, мерт қылады да, анамды сабап, қол аяғын, мұрын, қабырғасын сындарып, он екі жерінен пышақтап, азаптап өлтіреді. Яғни бұл жерде қылмыс жасағандар бір адам емес, екеу.
Тіпті олардың екеу екені қоршауда қалған ізінен де байқауға болады. Сот криминалдық сараптама тағайындата алмай қойдым. Оқиғаның қалай болғанын әлі де зерттеу қажет. Бірақ тергеуші қылмыс ашылды деп, істі маған таныстырмай жатып сотқа жіберген", - дейді Серік Толыбаев.

Толыбаевтың сөзінше, мәйітті тексеруге келгендер марқұм әйелдің құлағы мен қолындағы гауһар жүзігіне дейін шешіп әкеткен.

Десе де, Толыбаевтар мұнымен тоқтар емес, зейнетке шыққан ата-аналарын азаптап өлтіргендерді толықтай тауып, жазаламайынша тоқтамаймыз деп отыр.

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша шулы іс толық тергеліп, сотқа жеткен.

"Күдікті Құлахметовтың үстінен ҚР қылмыстық кодекстің 99 бабының екінші бөлімі, 192 бабының үшінші бөлімі, 287 бабының үшінші бөлімі (қарақшылық, кісі өлтіру, тонау) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары толық аяқталғандықтан сотқа жөнелтілді. Қазір іс сотта қаралуда.
Ал марқұм әйелдің әшекейлері жайлы айтар болсам, оны полицейлер ұрлауы мүмкін емес. Оны сараптама жасау үшін арнайы мамандар алған болуы мүмкін. Жәбірленуші тараптың сөзіне бола полиция заңнан аттап кетпейді. Яғни тергеушілер күдіктіні ұстап, қажетті шараның барлығын жасады. Қылмыстық іс толық ашылғандықтан сотқа жөнелтілді",- деді полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Әсел Сәденова.
Сіздің реакцияңыз
7
1
8
48
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel