Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда гранатаға ұқсас зат тауып алған ер адам ажал құша жаздады

Опубликовано:

Алматының Айнабұлақ-2 ықшам ауданында ер адам гранатаға ұқсас белгісіз затты үйіне алып келгенде ол жарылған деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда қолында граната жарылған адам ғажайыптың күшімен аман қалды
Көрнекі фото: masterok.livejournal.com: Facebook

Оқыс оқиға бүгін 16 сәуір күні Айнабұлақ-2 ықшам ауданындағы 85-үйдің 25-пәтерінде болған.

Дәрігерлер қолында гранатаға ұқсас зат жарылған 34 жастағы Исабаев Нұрбол Молдаханұлының жағдайын ауыр деп бағалады.

"Беті, кеудесі, оң қолының алақаны мен тыныс алу жолдары күйіп қалған. №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген ер адам үшінші дәрежелі күйік алған.
Жәбірленушінің айтуынша, ол сырттан тауып алған күмәнді затты үйге алып келген. Гранатаға ұқсас зат сол кезде жарылып кеткен", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1789241-almatyda-er-adamny-kolynda-granata-zaryldy/

pixel