RU
Таразда құтқарушы суицид жасамақ болған қыздың өмірін сақтап қалды (видео)

Таразда құтқарушы суицид жасамақ болған қыздың өмірін сақтап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде өзіне қол жұмсамақ болған қыздың видеосы жарияланды. Оқиға Тараз қаласында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таразда құтқарушы қызды итеріп жіберіп, өмірін сақтап қалды (видео)

Коллаж: Видеодан скриншот

Кеше кешкісін Instagram әлеуметтік желісінде өзіне қол салмақ болған бойжеткеннің видеосы жарияланды. Оқиға орнына қаланың барлық арнайы қызметтері жұмылдырылған.

"Сағат 17 шамасында полиция департаментінің кезекші бөліміне құрылысы аяқталмаған ғимаратта адам өзіне қол жұмсамақ болып жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына ТЖҚ-нің 19 қызметкері және бес арнайы техника, сондай-ақ психолог мамандар жіберілді.
Оқиға орнында арнайы тент тартылды", - деді Жамбыл облысы ТЖҚ азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Әсет Манасов.

Оның сөзінше, өрт сөндіруші-құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Азаматтық қорғаныс сержанты Азамат Көкбосынов өрт сөндіру сатысымен бесінші қабатқа көтеріліп, өз өмірін қатерге тігіп, бойжеткенді ішке қарай итеріп үлгерді. Онда қолайлы сәтті басқа құтқарушылар күтіп тұрған.

Полицейлердің айтуынша, бойжеткен өзінің түсініктемесінде үнемі жолы болмай, жоспарларының іске аспайтынына, келешегі жоқ екеніне шағымданған. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін ару ата-анасымен бірге үйіне қайтарылған.

Айта кететін жайт, бұл салынып бітпеген ғимаратта өзіне қол салу талпынысы бірінші рет болып тұрған жоқ.

Ғимараттың жанында теннис корты мен бокс сарайы орналасқан. Мұнда жақын маңайдағы үйлерде тұратын жастар жиі жиналады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel