RU

Алматылық оқушы әйгілі Гарвард университетінің грантын жеңіп алды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Селімжан Чалышкан Гарвард университетінде оқуға мүмкіндік алды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматылық оқушы Гарвард грантына ие болды
Фото: BAQ.KZ: Facebook

Назарбаев зияткерлік мектебінің ең дарынды оқушыларының бірі Селімжан Чалышкан Гарвардта оқу мүмкіндігіне ие болды.

Гарвардттың қабылдау комиссиясының өкілдері үміткердің "кешенді" білім алу саясатын ұстанады. Өткен жылы Гарвардтта оқуға ниет еткен 43 000 үміткердің тек 2000 ғана сынақтан сүрінбей өтіп, шақырту алған.

Сондай-ақ Селімжан оқуға түсу талаптары ең жоғарғы оқу орындарының бірі Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің 100 пайыздық грантына ие болды.

Ғылыми-зерттеу университетіне түсуге ынталы студенттердің тек үш пайызы ғана өз арманына қол жеткізеді. Мұнда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған талапты балалар оқиды.

Наурыз айында университеттің шақыртуымен қазақстандық жас талант оқу ордасымен және оның ұжымымен танысты.

"Қазіргі таңда оқитын университет пен мамандығымды таңдаған жоқпын. Ата-анама және мектебіме мені қолдап, сенгендері үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бірінші сыныптан үздік оқыдым. Бірақ мен баға үшін емес, өзім үшін және білім үшін оқу керектігін түсіндім", – деді Селімжан Чалышкан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789267-almatylyk-okusy-garvard-grantyna-ie-boldy.html