RU
Назарбаев мақтаған "Мәке" басшылық қызметке келді (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев мақтаған "Мәке" басшылық қызметке келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Төрт жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөйлеп, қазақ тілін жетік меңгергені үшін Елбасы мақтаған Максим Споткай Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің жетекшісі атанды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз қызметінің жаңа басшысын әріптестеріне Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды.

Бұған дейін Максим Споткай NUR Media холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

Білікті маман 28 жыл бұрын Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген.

Максим Споткай мансабын Nur Otan партиясының Ақсу қаласындағы филиалынан бастады.

Оған дейін "Жас Отанның" белсендісі болып және қазақ тілінде жарыққа шығатын газетті басқарды.

Ол "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының финалисті ретінде де белгілі.

Баспасөз қызметінің жетекшісі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Максим Споткай төрт жыл бұрын Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөйледі.

Сол уақытта Елбасы дарынды қазақстандықты мақтап, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Біраз уақыттан соң Мәке Қазақстан президенті болуға кандидат атанса, қазақ тілін осындай дәрежеде білгендіктен, ешкім таңғалмас еді", - деді Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel