RU
Руслан Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары атанды

Руслан Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары атанды

Рассказать Вконтакте

Руслан Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары атанды деп хабарлайды аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Руслан Әлішев. Фото: facebook.com/Ruslan-Alishev

Руслан Әлішев. Фото: facebook.com/Ruslan-Alishev

Әлішев Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтаған.

2004-2013 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы,  ішкі саясат басқармасының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

2013-2018 жылдары мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті электрондық БАҚ басқармасының басшысы, "Нұр Отан" орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры, ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметінің" басшысы болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, Мадияр Қожахмет басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімі орынбасары қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel