RU
"Өзбекстан жұртшылығы тәнті болды": Тоқаев Димаштың өнерін жоғары бағалады

"Өзбекстан жұртшылығы тәнті болды": Тоқаев Димаштың өнерін жоғары бағалады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергеннің әлі талай биіктерді бағындыратынына сенімді екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне арналған гала концертте Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Дарынды қазақ баласы ерекше дауысымен өзбек халқын да таңғалдырды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel