RU
Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына түспек

Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына түспек

Рассказать Вконтакте

Белгілі эколог Мэлс Елеусізов үшінші мәрте президент сайлауына қатыспақ. Табиғат жанашыры басты саяси додаға бұған дейін 2005, 2011 жылдары екі рет түскен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстандағы президент сайлау: Мэлс Елеусізов үшінші рет бағын сынап көрмекші

Фото: dailynews.kz

Мэлс Елеусізов орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізу үшін Алматыдан Нұр-Сұлтанға арнайы барған. Ол сайлауға өзі басшылық ететін қоғамдық ұйымның атынан түспек.

"Табиғат" экологиялық одағының төрағасы саяси науқанды пайдаланып, экологияның өзекті мәселелерін көтермекші.

Оның айтуынша, әлемдік климат жарты градусқа жылып кеткен. Су тасқындарының көбеюі, жыл сайын қайталануы соның әсері дейді.

Өзі басқаратын ұйымның мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта партия құрып, парламент сайлауына да қатыспақшы.

Ал осы жолы президенттікке үміткер ретінде тіркеле алмай қалғанның өзінде үгіт-насихат шараларын тоқтатпайтынын айтып отыр.

"Бұған дейін сайлауға екі рет қатыстым. 30 жыл осы экология мәселелерін көтеріп жүрмін. Сондықтан көп адам мені біледі. Көп адамның маған көңілі жылы. Бірақ мені кандидат ретінде өткізбесе де әрі қарай жұмыс істеймін", - дейді Мэлс Елеусізов.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
14
0
1
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel