RU
Грантқа түсірем деп жұрттан миллиондап ақша алған ер адам қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Грантқа түсірем деп жұрттан миллиондап ақша алған ер адам қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Алматыда балаларын оқуға грантқа түсіремін деп елден ақша жинаған азамат құрықталды. Полицейлердің айтуынша, күдікті 40 адамды тақырға отырғызған деп хабарлайды КТК арнасы.

Грантқа түсіремін деп миллиондаған теңгені қолды еткен алаяқ құрықталды

Фото:Видеодан скриншот

Жәбірленушілердің барлығы Алматы облысының тұрғындары. Олардың әрқайсы уәдені үйіп-төккен ер адамға 3-4 миллион теңгеден ұстатқан.

Қастер Сəметұлы күдіктіден опық жеген жанның бірі. Сынақтан төмен балл алған інісіне білім грантын ұсынған күдіктіге ол 650 мың теңге берген. Алайда жəбірленуші грант емес, тіпті інісінің құжаттарын қайтара алмай қалған.

"Алматыдағы Сайран автовокзалына апарып бердік. Құжатты қолына ұстаттық. Қыркүйек айында оқуға түсесіңдер деді. Барып едік, ешқандай оқу жоқ. Телефоны да жоқ, хабарлассақ көтермейді", - деді Қастер Сәметұлы.

Полицияның дерегінше, 30 жастағы азамат жоғары оқу орындарында қызмет істеймін деп 40 шақты адамды алдаған. Алайда ол ешқандай білім мекемесінде істемейтіні анықталады.

Алданғандардың арасында оған төрт миллион теңгені санап бергендер бар екен.

Күдіктінің өзі болса, ақшаны бір адамнан ғана алғанын алға тартып отыр.

Полиция департаментіндегілер зардап шеккендер саны əлі де көбеюі мүмкін дейді.

"Бұл азаматтан зардап көрген тағы да адамдар болса, 254 46 01 және 254 46 02 телефондарына хабарласуын сұраймыз. Негізі қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-тармағы бойынша аса ірі көлемде жасалған алаяқтың дерегі бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделеді", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлердің айтуынша, жәбірленушілердің қатары көп болғандықтан жаза мөлшері бұдан да артуы ықтимал.

Күдікті болса, алаяқтық жолмен тапқан қаржыны қажетіне жұмсап үлгеріпті. Сондықтан тәртіп сақшылары ата-аналарды көлденең жолыққан батпан құйрыққа қызықпай, сақ болуға кеңес береді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel