Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнау" тобының бұрынғы әншісі өз-өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған

Опубликовано:

"Арнау" тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова 30 жылдың ішінде өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болғанын айтты. Әнші күн көру үшін кафе, ресторандарды паналап, ыдыс-аяқ жуған деп хабарлайды "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанар Хамитова. Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жанар Хамитова. Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жанар Хамитова 30 жылдың ішінде өз-өзіне бірнеше рет қол жұмсамақшы болған. Бірақ, оның сахнаға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты оны құтқарып қалған.

"Сіздерге қалай айтсам екен. Шынымды айтсам, мені бәрі шаршатты. Шынымды айтайын, ата-анам... Мама, сен мені кешір! Бірақ, мен үлкен қызбын. Мені туыстарым шаршатты. Мені бәрі шаршатты. Мен жай ғана... Менің 30 жыл ішінде қанша рет өз-өзіме қол жұмсамақ болғанымды елестете алмайсыз. Мүмкін 20 рет болған шығар", - деді Жанар Хамитова.

Әнші күн көріс үшін Қазақстанға келгенде күніне 4000 теңге табыс тауып, мейрамханада ыдыс жуған. Түркия елінде де қара жұмыспен нәпақа тапқан.

"Біз Анталияда өмір сүрдік. Мен қыркүйек айында үйден кеттім. Автотұрақтарды тазаладым. Бала бақтым. Көршілердің үйін тазаладым", - дейді әнші.

Сондай-ақ әнші осыдан бес жыл бұрын өнер әлеміндегі адамдардан көмек сұраған. Алайда, Жанар Хамитова өзінен барлығының теріс бұрылғанын жеткізді.

"Мен осыдан бес жыл бұрын адамдардан көмек сұрағанмын. Бірақ барлығы теріс бұрылды. Мен студияда тұрдым. Ол жерде ыстық су болмады. Оқудың ақысын төлей алмағандықтан, диплом ала алмадым", - деп әнші өз шындығын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Хамитова өзінің тұрмысқа шығып, екі баланы өмірге әкелгенін де жасырмай айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789335-arnau-tobyny-bryngy-nsisi-z-zine-birnese-ret-kol-zmsamak-bolgan/

pixel