Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында үйінен өрт шыққан үш балалы отбасы далада қалды (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Қарабозовтар әулеті өрт салдарынан үш баламен далада қалды. Отбасы құжаттары мен дүние-мүліктерінен айырылған деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Түркістан облысында үш балалы отбасы өрт салдарынан далада қалды (видео)
Коллаж: Видеодан скриншот: Facebook

Оқиға 14 сәуір күні кешкі 18:30 шамасында болған. Абырой болғанда отбасы мүшелері үйдің ауласында жүрген.

Түтінді көзі шалған үй иесі Гүлжайна Қарбозова сыртқы есікті ашқанында өрттен жиналған қысым оны далаға қарай лақтырып жібергенін жеткізді.

"Күндікке осында жүремін. Ата-анамның, енемнің үйіне барамын кешкісін. Ауыл әкімі пәтер жалдап беретінін айтты. Ол жақта тұра алмаймын. Малым, тауығым бар", - деді Гүлжайна Қарбозова.

Үш баласымен баспанасыз қалған Гүлжайна жақындарын паналап жүр.

Келіншектің сөзінше, балаларының оқуға қажетті құрал-жабдықтары мен киім-кешектері түгелімен жанып кеткендіктен, олар сабаққа бара алмай жүр.

"Құжаттарымыз жанып кетті. Ең болмаса құжаттармызды сақтап қала алмадық. Күйеуімнің көлік жүргізу куәлігі, студент балама жинап отырған ақшам да жанып кетті. Дүние мүліктен түк қалмады", - дейді келіншек.

20 минутқа жетер жетпес уақытта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі сағатқа жуық уақыт күрескен.

"Бізге сағат 18:44-те хабарлама келіп түсті. Біз 19:02-де жеттік. Кеш хабарланған. Біз келгенде үйдің шатыры жанып кеткен еді. Өртті сөндіруге тоғыз адам мен екі техника жұмылдырылды", - дейді Арыс қаласының төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Әуесхан Бейсенов.

Жергілікті атқамінерлер тілсіз жаудың тұзағына түскен тұрғындардың үйін жөндеп беріп, құжаттарын реттеу үшін өрт сөндірушілердің қортындысын күтіп отырғандарын айтады.

"Қазір сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Шыққан соң, үйдің шатырын асарлатып қалпына келтіріп береміз. Тұрғындардың құжаттарын қайта қалпына келтіреміз. Бұл жұмысқа бір апта уақыт кетеді", - деді Ақдала ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Қайрат Байсов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1789336-trkistan-oblysynda-s-balaly-otbasy-rt-saldarynan-dalada-kaldy-video/

pixel