RU
"Аякс" "Ювентусты" жарыс жолынан шығарып жіберді (фото, видео)
Жаңалықтар Спорт

"Аякс" "Ювентусты" жарыс жолынан шығарып жіберді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

"Аякс" пен туриндік "Ювентус" арасындағы ойын голландиялық клубтың жеңісімен аяқталды. Амстредамдық клуб 1997 жылдан бері бірінші рет чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1/4 финалы аясындағы қарымта кездесу Туринде (Италия) өтті. Қонақтар алаң иелерін 2:1 есебімен жеңді.

"Ювентус" қақпасына 34 минутта Донни ван де Бек және 67 минутта Маттейс де Лигт гол соқты.

Туриндік клуб сапынан жалғыз допты ойынның 28 минутында атақты Криштиану Роналду салды.

"Аякс" жартылай финалда "Манчестер Сити" мен "Тотенхэм" арасындағы ойында жеңіске жеткенімен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel