Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы бойжеткен "Түркістан аруы-2019" атанды (фото)

Опубликовано:

"Түркістан аруы-2019" атағын Кентау қаласының намысын қорғаған 18 жастағы Ақниет Сәдуахасова жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Ақниет Қ.Яcауи атындағы ХҚТУ-нің 1-курс студенті. Қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Оңтүстік өңірінің ең сұлу да парасатты аруы атағын иемдену үшін байқаудың іріктеу кезеңіне 16-25 жас аралығындағы 90 ару қатысқан.

Жүзден суырылып шыққан 15 сұлу қасиетті Түркістан төрінде "Түркістан аруы-2019" атағы үшін бақ сынады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Сұлулар шығармашылық,  зияткерлік, сән, би, жалпы төрт кезең бойынша сынға түскен.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Жүлделі бірінші орынды түркістандық Мәмеш Жібек жеңіп алса, екінші орын Түркістан қаласынан қатысқан Шәкірбаева Нұршашқа бұйырды.

Үшінші орынға 16 жастағы мектеп оқушысы, Мақтарал ауданының сұлуы Құрбан Жансая лайық деп танылды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"Түркістан аруы-2019" атанған Ақниет Сәдуахасова келесі жылы республикалық сұлулық сынында Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789356-trkistan-aruy-2019-bajkauyny-zeimpazy-anyktaldy/

pixel