RU
Динара Сұлтан көпшілікке алғаш рет жұбайын көрсетпек

Динара Сұлтан көпшілікке алғаш рет жұбайын көрсетпек

Рассказать Вконтакте

Динара Сұлтан бес баланың анасы атанғанша жұбайын көпшілік көзінен жасырын ұстаған болатын. Әнші енді бұл ойын өзгертіп, отбасылық клип арқылы күйеуін жұртқа таныстырмақ деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің отбасы жайлы клипі "Сый" деген әнге түсірілмек. Бейнебаянында отағасы мен Динараның бес баласы бой көрсетпек.

"Негізі сый әртүрлі, иә! Өмірдің өзі сый берілген. Жаңағы жан жарың, бала-шағаң, бүкіл сенің қасыңда қоршаған ортаң бәрі сый жеп ойлаймын. Соны бір кішігірім бейнебаянда көрсеткіміз келіп тұр. Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый - ол менің балаларым, менің жан жарым.
Негізі мені әртүрлі қылып көрсеткіміз келеді. Динара Сұлтанның отбасында, сахнада қандай, жеке өмірде қандай екенін. Мен дәл қазір жаным ашып, қобалжып тұрмын. Өйткені үйде бала шағам бар. Соларға алаңдаймын үнемі. Енді ана болғандықтан, үнемі алаңдаумен жүреміз. Соны режиссер өзі көрсеткісі келді", - деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурызында әнші бесінші баласының тұсауын кескен болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel