Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та екі жасар қыздың көзінен 10 шақты ісік табылған

Опубликовано:

Америкалық Орегон штатының екі жасар тұрғынының көзінен онға жуық ісік табылды деп хабарлайды Риа Новости - ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: survivornet.com
Фото: survivornet.com: UGC

Бүлдіршіннің анасы Элли Смиттің айтуынша, оқиға 2016 жылы болды. Ол кішкентай қызын ұялы телефонының сәулесін жағып суретке түсірген кезде баланың сол көзінен ерекшелік байқаған.

Сол жақ көзі мобильді құрылғыдан түскен сәулемен "ерекше" шағылысқан. Содан кейін әйел бірден дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олар өз кезегінде кішкентай қыздан ретинобластоманы, яғни, көзде пайда болатын қатерлі ісіктің сирек түрін анықтаған.

Осыдан кейін анасы мен қызы үйінен төрт мың километр жырақта орналасқан Филадельфиядағы офтальмологиялық орталыққа аттанған. Ол жерде мамандар баланың көзінен және көру жүйкесінен он шақты ісік тапқан.

Дәрігерлердің талабына сай кішкентай қыздың көзін келесі күні алып тастаған. Бұл кезде анасы қызының көзінен ақауды байқағанына 16 күн болған.

Әйелдің айтуынша, емдеу шаралары өз нәтижесін берді. Қазір қыздың жасы бесте, ол жасанды протезге толықтай үйренісіп кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1789374-balany-kzinen-isik-tabyldy/

pixel