RU
Абақтыда жатып, қалай қиналғанын айтқан Гауһар Әлімбекова көзіне жас алды (видео)

Абақтыда жатып, қалай қиналғанын айтқан Гауһар Әлімбекова көзіне жас алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Гауһар Әлімбекова абақтыда жатқан күндерін есіне алып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы "7" арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Гауһар Әлімбекова. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гауһар Әлімбекова. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Композитордың айтуынша, ол басындағы қиындығы жайлы жақ ашып, еш жақынына айтпаған.

"Негізі мен бітіп қалады" деп ойлап жүрдім. Өзім пиар деген нәрсені ұнатпаймын. "Шу болып кетеді, керегі жоқ" деп жүрдім. Бәрі біткесін, бір-ақ айтамын деп ойладым. Сенімді болғаннан кейін бітеді деп жүре бердім. Ақырында маған сотталушы деп қағаз келгенде, жедел жәрдеммен ауруханадан бір-ақ шықтым", - деп көзіне жас алды әнші.

Сондай-ақ Гауһар Әлімбекова түрмеде айналасындағы сотталушылардың көңілін көтеріп, ән айтқанын да есіне алды.

"Соттан тіке алып кетті. Үйден "Кешке келемін" деп кеткенмін. 30 қаңтар күні анамның қайтқан күні еді. "Бәрі бітеді. Бәрі жақсы болады" деп, анама құран бағыштап үйден шығып кеттім. Бірінші СИЗО-ға түстім ғой. Матрасы қатты, тас бөлмеде... У-шумен жүріп, түк түсінбегенмін. Түсім сияқты.
Аз уақытта камерадағы қыздар маған бауыр басып қалыпты. Кетіп бара жатып ақыл айтып қоямын. Көңіл-күйім бар кезде әнімді айтып беремін. 15 минуттық серуендеу кезінде мен шықпаймын. Таза ауаны жақсы көрмеймін.Түрменің таза ауасын кім жақсы көрсін?! "Гаухар Әлімбекова бар ма деп бәрі сізді сұрап жатыр" деп айтады. Сөйтсем, гипсы бар қызды іздейді екен", - дейді өткенін еске түсірген Гауһар Әлімбекова.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel