RU
Болашақ күйеуінің опасыздығын білген бойжеткен тойды тоқтатып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Болашақ күйеуінің опасыздығын білген бойжеткен тойды тоқтатып тастады

Рассказать Вконтакте

Альбина есімді бойжеткен жігітімен бір жыл жүріп, тұрмысқа шықпақ болғанын айтты. Алайда тойдың үстінде сүйіктісінің оған адал болмағанын білгенін ару дереу мерекелік шараны тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: modniy.tv

Фото: modniy.tv

Бойжеткен сүйген адамының бір жыл бойы өзіне опасыздық жасағанын абайсызда, той үстінде біліп қойған. Оның айтуынша ол күйеу жігіт пен досының сөзін естіп қойған.

"Әлдеқандай Алина есімді қыз туралы айтып жатты. Досы Тимурдан сол қызбен кеше түнде не істегенін сұрады. Тимур тек езуін тарта жымиып қойды. Мен бәрін естісем де, миым ақпаратты қабылдай алмай жатты. Не істерімді білмедім. Тұрған жерімнен атып шығып, Тимурдың жағасына жармастым. Тойханадағылар дауысымызды естіп жетіп келді.
Мен ол секілді опасыз, түкке тұрғысыз адаммен өмірімді байланыстырғым келмейтінін айтып, туыстарының көзінше масқарасын шығардым. Ол маған бірдеңе деп жауап қатқан да жоқ. Тіпті мені тоқтатуға тырысқан жоқ. Кейін ортақ достарымыз оның бұрыннан бері қыз құмар екенін айтқанда расымен таңғалдым. Адамды танып болмайды екенсің", - дейді бойжеткен.

Бүгінде тойының шырқы бұзылған бойжеткен тойға дейін жігітімен жақын қарым-қатынаста болғанын да жасырған жоқ. Ол жігітінің опасыздыққа баруына не себеп болғанын тіпті білмейді екен.

"Иә, жасыратыны жоқ тойдың алдында біраз қателікке бой алдырдым. Оның әрбір сөзіне балаша сендім. Қазір сол қылығым үшін өкінемін. Уақытты кері қайтарғым келеді", - дейді кейіпкеріміз.
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel