RU
Нұрболхан Шарапов: Бұттың емес, ұлттың мәселесін қозғасын
Жаңалықтар Қоғам

Нұрболхан Шарапов: Бұттың емес, ұлттың мәселесін қозғасын

Рассказать Вконтакте

Нұрболхан Шарапов 19 жастағы қыздың пәктігін тікелей эфирде талқыға салған отандық бағдарламаны сөгіп тастады. Танымал әзілкеш қыздығын сатпақ болып рөл сомдаған арудың "Өз ойым" жобасының кесірінен оқудан шығып кеткеніне күйінген деп жазады Youtube желісіндегі Nursultan Qurman парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instgarm, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instgarm, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұрболхан Шарапов елдің шуын тудырған бағдарламаға қатысты бар ойын жайып салды. Айтуынша, жобаның қозғайтын тақырыптары оның көңілінен мүлде шықпайды.

"Бір жағынан халық жұлып жатыр, бір жағынан анандай нәрсені көріп отыр. Ауылда, бүкіл жерде көріп отырған адам не істеді? Ең сорақысы, оны түскі ас кезінде көрсетеді. Бала-шағаңызбен келіп, тамақ ішіп отырасыз делік. Тамақ ішіп отырған сәтте ана жерде қыздың қыздық пердесі туралы айтып отырған сізге жақсы ма? Гейлер, трансвеститтер, 30 рет зорланғандар айтылады. Біреудің арын ішінен ақтарып, сыртқа беріп жатқан кезде тамақ ішіп отырған жағымсыз меніңше. Оның үстіне, ол бағдарламаны бала-шағаңмен көрген мүлде ойға қонымсыз, болмайтын нәрсе" , - деді Шарапов.

Сонымен қатар, отандық әзілкеш бағдарламаға қарсы шығу әрекетінен не күтетінін де айтты. Ол көпшілік тарапынан болған толассыз сын жобадағы қозғалатын мәселелерді өзгертеді деген үмітте екенін жеткізді.

"Тақырыптары жұмсаруы мүмкін. Жұмсарып, ұлттың бір нәрсесін айтатын болса, қайта мен қуанамын. Бұттың емес, ұлттың ауқымындағы, қоғамда орын алып жатқан актуалды тақырыптарды алып қарастырса. Басқа да айтылатын нәрсе көп, толып жатыр" , - деді ол.

Нұрболхан Шарапов министрлікке осы бағдарламадағы дауға қатысты хат жазып, енді бір-екі күнде жауап күтетінін мәлімдеді.

"Министрлікке хат жаздық. Ағамыз хатты қабыл алды. Заң шығарушы орган болмаса да, парламентте отырған ағаларымызға хат жаздық. Олар жауап береміз деді. Атын айта алмаймын. Хат шыққан кезде көре жатарсыздар. Оны қабыл алған кісі хабарын көп ұзамай беретінін айтты. Мүмкін алдағы екі-үш күнде алып қалармыз" , - деді Шарапов.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш жобада пәктігін сатпақ болып рөл сомдаған қызды оқудан шығарып жібергенін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel