Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: "Дос Мұқасан" тобының әншісі әуежай қызметкерін ұрып жіберді

Опубликовано:

БАҚ беттерінде аты аңызға айналған "Дос Мұқасан" тобы әншісінің елордалық әуежайдың қызметкерін ұрып жібергені туралы ақпарат тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Zakon.kz порталының ақпаратына сәйкес, оқиға "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы әуежайда 14 сәуір күні орын алған.

Анар есімді әуежай қызметкерінің сөзінше, сол күні Нұр-Сұлтаннан Алматыға бағыт алған "Дос Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайынов өзін агреcсивті ұстаған.

Маман ұшаққа отырғызу және тіркеу кезінде әртістің өзін ұрғанын растады.

"Мен оны көшіруден бас тарттым. Осыған жауап ретінде әртіс мені итеріп, бетімнен ұрып жіберді. Барлық арнайы мамандар шақырылды. Біз оны апарудан бас тарттық. Мен арыз жаздым. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Дәрігерлер менің бетімнің айналасында жеңіл жарақат түскенін айтты", - деді Анар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789430-mrat-ksajynov-uuezaj-kyzmetkerin-ryp-ziberdi/

pixel