RU
Мұрат Құсайынов қол көтерген қыз "Эйр Астана" қызметкері болып шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мұрат Құсайынов қол көтерген қыз "Эйр Астана" қызметкері болып шықты

Рассказать Вконтакте

"Эйр Астана" әуекомпаниясы жолаушыларды рейске отырғызу және тіркеу процесін жүргізетін қызметкер қызды ұрып жіберген әртістің оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әуекомпания өкілдерінің мәліметінше, "Дос-Мұқасан" тобының солисті, әртіс Мұрат Құсайынов қызметкерге физикалық күш көрсеткен.

Оқиға 2019 жылы 14 сәуір күні орын алыпты. Нәтижесінде, жолаушы елордадан Алматыға бағыт алған КС 852 рейсінен алынып тасталған.

Тасымалдаушының дерегіне сәйкес, отырғызу уақытында жолаушы дауыстап сөйлесіп, былапыт сөздер айтқан.

"Ұшудың қауіпсіздігі үшін тәуекелге бару мақсатында экипаж оны тасымалдаудан бас тартты. Сол кезде жолаушы әуекомпания қызметкерлерінің көз алдында жолаушыларға қызмет көрсететін ауысым басшысының маңдайына соққы жұмсап, денсаулығына физикалық тұрғыда зиян келтірді", -деді компания өкілдері.

Әуекомпания қызметкерлері Нұр-Сұлтан әуежайының Ішкі істер желілік бөліміне жолаушыға қатысты сот алды тергеу жұмысын жүргізу және оны жауапқа тарту мәселесі бойынша өтініш жолдады.

Қазір қызметкер қыз денсаулығына байланысты демалыста екен. Дәрігерлер оның денсаулығына жеңіл зиян келгенін мәлімдеген.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ беттерінде қазақстандық әртістің әуежай қызметкеріне қол көтергені туралы ақпарат тараған.

Сіздің реакцияңыз
18
2
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel