RU
"Бриллиант білезік": Әкесіндей азаматпен бас қосқан ару аста-төк өмірімен мақтанды
Жаңалықтар Қоғам

"Бриллиант білезік": Әкесіндей азаматпен бас қосқан ару аста-төк өмірімен мақтанды

Рассказать Вконтакте

Өзінен 20 жас үлкен адаммен тұрмыс құрып, ауқатты отбасының келіні атанған бойжеткен аз уақытта өмірінің қалай өзгеріп кеткенін баяндап берді. Ауылдан шыққан қарапайым қыз тағдырының мұндай "тосынсыйына" ризамын дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: playcast.ru

Көрнекі фото: playcast.ru

Бойжеткен бүгінде Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің бойындағы коттедждердің бірінде тұрады.

Айтуынша, ол өзінен 20 жас үлкен жарымен такси тоқтатамын деп тұрғанда танысыпты.

"Қаладағы колледждердің бірінде соңғы курста оқып жүргенмін. Осыдан екі жыл бұрын күз уақытында күн қатты суық болғандықтан, жатақханаға дейін такси ұстағым келді. Сөйтіп көлік тоқтаттым.

Көлік жүргізушісі әкеммен жасты ер адам екен. Діттеген жеріме апарып тастаймын дегендіктен, келісуге тура келді.

Бірақ жатақханаға жеткен уақытта, ақшаны алмаймын деді. Сөйтіп телефон номерімді сұрады. Менің ойымда түк жоқ, нөмірімді бере салдым. Біздің таныстығымыз сол күннен басталды.

Үйге келген соң, хабарлама жіберіп, кейін тағы көрісейік деп қолқа салды. Ақыры бір жылдан соң сөз салып, үйленетін болып шештік", - дейді жас қыз.

Арудың сөзіне сенсек, сүйген жары бұған дейін отбасын құрған екен. Алайда бірінші әйелімен ажырасып, қаладағы коттедждерінің бірінде жалғыз өзі өмір сүріп келіпті.

"Жасы үлкен болғандықтан, мені әлі күнге дейін алақанына салып, аялап келеді. Әрине бастапқыда оның ата-анасы қарсы болған екен, кейін олардың да тілін таптым.

Бірінші әйелімен араласып тұрады, екі баласы да үйге келіп тұрады.

Осы мақаланы оқып, бәрі өзінен жиырма жас үлкен еркектің басын айналдырып, тұрмысқа шығып алды деп сөгетін шығар.

Бірақ мен қаланың бұзылған қыздарының қатарынан емеспін. Әке-шешем ауылда, екеуі де мұғалім. Оқыған, көзі ашық адамдардың қызымын.

Бәлкім тағдыр осылай болуды жазған шығар, күйеуімді ешқашан жерге қаратпауға тырысамын. Ендігі арманым - сәбилі болу. Ерлі-зайыптылар үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын", - деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Жас ару ауқатты жұбайының туған күні мен мерекелерде не сыйға тартқанын да айтып берді.

"Қымбат әшекей бұйымдар сыйлайды. Мысалы биыл сегізінші наурызға гауһар тасы бар білезік сыйлады", - деп әңгімесін аяқтады бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
12
6
7
2
2
29
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel