RU
"Ел сағынады": Азамат Сатыбалды Тасмағамбетовке жүрекжарды жазба арнады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ел сағынады": Азамат Сатыбалды Тасмағамбетовке жүрекжарды жазба арнады

Рассказать Вконтакте

Азамат Сатыбалды желіде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовті жер-көкке сыйғызбай мақтады. Отандық актер беделді саясаткердің адал еңбегіне жоғары баға беріп, оған жүрекжарды жазба арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың басшылығына келген Азамат Сатыбалды Тасмағамбетовке деген ерекше сыйластығын Instagram желісі арқылы білдірген.

"Мәскеу қаласындағы мәнді кездесулерімнің бірі. Елге керек ер азаматтың сыртта жүргені қынжылтатыны рас.
Иманғали Нұрғалиұлы қазақ үшін барын аямайтын атпал азамат. Адамнан көп нәрсені тартып алуға болады. Бостандығын, тілін, жұмысын, бірақ жүрегіндегі сенімге Құдайдан басқа ешкім қол сұға алмайды.
Ол маxаббат, ол сезімге толы сағыныш. Ел үшін адал еңбек етсең ел сені сағынады. Ол ақиқат" , - деп жазған актер.

Айта кетерлігі, Азамат мырзаның жазбасын көпшілік бірауыздан қолдап, жылы лебіздерін аямай жазған. Желі қолданушылары суреттегі екі адамның қазақ үшін жасап жатқан еңбектері зор екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
246
5
28
5
6
123
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel