RU
Желідегілер "Дос-Мұқасан" әншісінің қызға қол көтергенін қызу талқылауда
Жаңалықтар Қоғам

Желідегілер "Дос-Мұқасан" әншісінің қызға қол көтергенін қызу талқылауда

Рассказать Вконтакте

"Дос-Мұқасан" әншісі Мұрат Құсайыновтың "Эйр Астана" қызметшісіне қол көтергені қазақстандықтардың қызу талқысына түсті. Оқиғаға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі жұлдыздың мәртебесі айрандай төгілгенін жазса, енді бірі бойжеткен әншіні мұндай жағдайға өзі жеткізгенін айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Құсайынов. Коллаж NUR.KZ (Фото: Instagram/bleisure.fr)

Мұрат Құсайынов. Коллаж NUR.KZ (Фото: Instagram/bleisure.fr)

Желі қолданушыларының басым көпшілігі Мұрат Құсайыновқа керағар пікір қалдырып жатыр.

"Ұят болды. Ел алдында жүрген азаматтардың мұндай әрекетке барғаны қынжылтады" , " Қатаң түрде жазалау керек. Барлық атақ пен мәртебелерін тартып алу керек. Әлемдік әуекомпаниялардың қара тізіміне кіргізу қажет" , "Жұлдыз ауруына шалдыққан" , "Айтарға сөзім жоқ" ,
"Әрине, ақшаң мен атағың болса, басқалар түкке тұрғысыз болып тұрғаны ғой. Теледидардан сіз туралы көрсетеді деген үміттемін" , "Бұл әртіс әбден тойған ғой. Не істерін білмей әлек. Жауапкершілікке тарту керек. Халық әртісі болса да, не болыпты? Бұл мәртебе оған өзін осылай ұстауға рұқсат бермейді" , - деп жазуда қазақстандықтар.

Алайда, желі оқырмандарының арасында әуекомпания қызметкерін сынға алып, әртісті жақтаушылар да бар.

"Өте сабырлы кісіні мұндай жағдайға өзі жеткізген. Біздің бетке ұстар тұлға" , "Мен сенбей тұрмын. Өте мәдениетті адам сияқты", "Бұл әуекомпания қызметкерлерін тәртіпке салу керек алдымен", "Бас тартты да таяқ жеді. Өзі итермелеген шамасы осындайға" , "Осы әуекомпаниясының қызметкерлерін дұрыстап тексеру керек. Оқиға куәгерлерін тартып, шынайы тергеу жүргезу қажет - деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel