RU
Ақш-та 25 жастағы ер адам ұшақтан секіріп кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ақш-та 25 жастағы ер адам ұшақтан секіріп кеткен

Рассказать Вконтакте

Жол бойы мазасыздық танытып, ерсі қылық көрсеткен жолаушы әуежайға келіп жеткен ұшақтан өз еркімен секіріп кеткен деп хабарлайды news.bigmir.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: azcentral.com

Фото: azcentral.com

АҚШ-та 25 жастағы ер адам Финикс әуежайына қонған American Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағынан секіріп кетті.

Fox News жергілікті әуекомпанияның өкіліне сілтеме жасай отырып оқиғаның 12 сәуір күні болғанын хабарлады.

"Ұшақ орнына қонғаннан кейін жолаушы есікті ашып, әуе лайнерінен секіріп кетті", - деп мәлімдеме жасады American Airlines.

Ер адам жеңіл жарақаттар алып, оқиға орнында құрықталды.

Анықталғандай ұшу уақытында құқықбұзушы жолаушылардың бетін ұстап, бөтелкесіндегі суын төгіп, дауыс көтерген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel