Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі бір тостаған кеспеге бола қызын кепілдікке тастап кеткен

Опубликовано:

Қытайдағы Фошан қалалық округінде ер адам түскі асқа кепілдік ретінде екі жасар қызын тастап кеткен деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: livedemo00.template-help.com
Фото: livedemo00.template-help.com: UGC

Анықталғандай, ер адамның бір тостаған кеспеге алты юань (340 теңге) ақшасы жетпеген.

Сол кезде ол дәмхана иесіне кепілдік ретінде қызын қалдыратынын және оны алып кетуге ертең келетінін айтып, кетіп қалған екен.

Кішкентай қыз әкесімен бірге еріп кетпек болыпты. Алайда ол балақайды дәмханаға қайта кіргізген. Содан соң бала жылай бастапты.

Дәмхана иесінің айтуынша, қызметкерлер қызды ас бөлмесіне кіргізіп, сүт берген. Кейіннен полиция шақырған.

Бірнеше сағаттан соң әкесі қайта оралып, баланы таппай, полиция шақырғаны үшін дәмхана иесіне дауыс көтере бастапты.

"Ер адам баланы тастап кеткісі келмегенін, тек қолма-қол ақша тауып келуді көздегенін айтты. Алайда оның электр мопедінің қуаты таусылған соң, оны зарядтау үшін біраз уақыт кеткенін алға тартты", - деп хабарлады полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789486-kytajlyk-ke/

pixel