RU
Шымкентте инсульт алған 40 жастағы жүкті әйел баласымен бірге аман қалды

Шымкентте инсульт алған 40 жастағы жүкті әйел баласымен бірге аман қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында инсульт алған 40 жастағы жүкті әйелді дәрігерлер ажалдан арашалап қалды. Қалалық перинатальды орталықта босанған әйелдің жағдайы бірден нашарлап, тіпті есін жоғалтқан деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақ халаттылар жедел тексеріп, әйелдің миына қан құйылғанын анықтаған. Дәрігерлер әйелдің бас сүйегіне шұғыл ота жасапты.

Күрделі отаны Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас нейрохирургі Сәрсен Пернебеков жүргізген.

Хирургтер ота кезінде босанған әйелдің бас сүйегін ашып, инсульттен пайда болған мида ұйыған қанды алып тастағанын айтады.

«Комаға түскен әйелге бірден ота жасауға шешім қабылдадық. Отаны екі сағатқа жуық жасадық. Бас сүйегінің ота жасалған бөлігі алынған кезде мида ешқандай тамыр соғысы болған жоқ.

Мидың түсі қою, қызыл түсті болды. Навигациялық жүйенің көмегімен мидың ішіндегі қан ұюдың орнын анықтап, мидың ішкі бөлігінің гематомасы яғни, қан ұюын алып тастадық.

Ми ішінің қан ағуын тоқтаттық», — дейді ота жасаған нейрохирург Сәрсен Пернебеков.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша,  қазір науқастың жағдайы жақсы. Ол ауруханадан толық оңалту емін алып, үйіне шығарылған. Инсульт алып, 40 жасында баласын дүниеге әкелген әйел сәбиімен аман-есен қауышты. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel