Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуежайдағы даулы оқиғаға қатысты Мұрат Құсайыновтың өзі пікір білдірді

Опубликовано:

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайынов елорда әуежайында "Эйр Астана" қызметкерімен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді деп жазады Тengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Құсайынов Фото: instagram.com/dos_mukasan_official
Мұрат Құсайынов Фото: instagram.com/dos_mukasan_official: Getty Images

Танымал ансамбль жетекшісі оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді.

Музыкант әуекомпания қызметкерімен дөрекі түрде сөйлескенін мойындады. Алайда, айтуынша, ол ешкімге қол көтермеген.

Мұрат Құсайыновтың сөзінше, ұрыс-керіске әуекомпания қызметкерлерінің ұшаққа мінбес бұрын аяқ киім мен шұлықты шешуді талап еткені себеп болыпты.

Әртіс ондай әрекеттен бас тартқандықтан, рейске өтпей қалған.

"Олар дөрекі түрде аяқ киім мен белдікті шешуді талап етті. Мен сканер арқылы тексеруді сұрадым. Бірақ, олар мені қасақана кемсіткісі келді. Олардың ойлағаны іске асты. Мен шешпей қойдым", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейінәуекомпания полицияға шағым түсірген. Сондай-ақ, Құсайынов "Эйр Астана" қызметкерлерінің бар кінәні өзіне жаба салуды көздеп отырғанын алға тартты.

Тнамыал әнші әуекомпанияға арыз түсіріп, "Эйр Астананы" сотқа бермек.

Айта кетейік, бұған дейін "Дос-Мұқасан" әншісінің "Эйр Астана" қызметкеріне қол көтергенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандықтар бұл даулы оқиғаға қатысты қызу пікірталас ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789495-mrat-ksajynov-uezajdagy-okigaga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel