RU
Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген үш қыздың жағдайы қалай?

Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген үш қыздың жағдайы қалай?

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Жетісай қаласында өгей шешесінен қорлық көрген апалы-сіңлілі үш қыздың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген үш қыздың жағдайы қалай?

Көрнекі фото: iz.ru

Тағы оқыңыздар:

"Пышақ іздері бар": Түркістан облысында өгей ана балаларға жәбір көрсетті деп күдіктелуде

Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген қыздарға қатысты әкімдік жауап берді

"Екінші балаға аяғы ауыр": Елді шулатқан өгей шешеге қатысты тың дерек шықты

«Қыздар ауруханаға түскенде денесінен көгерген іздер, түрлі жарақаттар анықталды. Олар бірден травматология бөліміне жатқызылып, барлық емдік шаралар жүргізілді.

Қазіргі таңда қыздардың жағдайы бірқалыпты, Жетісай аудандық орталық ауруханада қажетті емді алып жатыр. Өмірлеріне қауіп жоқ.

Психологтар жұмыс істеп жатыр. 1-2 күнде үйлеріне шығарылады», - деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова.

Еске салсақ, бүгін Түркістан облысында бір үйдің үш қызына өгей шешесі қорлық көрсеткені туралы ақпарат тарады. Құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз
1
5
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel