Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілмеген канадалық боксшымен жекпе-жек: GGG қанша гонорар алады?

Опубликовано:

Boxingnews24.com сайтының спорттық жаршысы Аллан Фокс Головкиннің DAZN-дағы дебютті жекпе-жегі үшін аса көп ақша алатынын мәлімдеді деп хабаралйды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жеңілмеген канадалық боксшымен жекпе-жек: GGG қанша гонорар алады?
Фото: instagram.com/gggboxing: Getty Images

Журналистің сөзінше, GGG-ге айтарлықтай қаражат төленеді екен. Алайда ол ақшаны кейінірек міндетті түрде қайтару қажет болады.

«Головкин Роллспен кездесуі үшін 15 миллион доллар алатыны туралы қауесет бар. Бұл барлық жағынан алып қарағанда да өте көп ақша. Бәлкім, DAZN Геннадийге және оның командасына жеңіл жекпе-жек үшін "жасыл түс" берген шығар», - дейді сарапшы.

Фокс айтуынша, жеңіліп көрмеген канадалықпен кездесуден кейін DAZN Головкинді «Канело», Джейкобс, Эндрейд және Чарло секілді боксшылармен жекпе-жекке шығарып, қомақты қаржыны қайтарып алмақшы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкин-Роллс жекпе-жегінің билеттері 20 сәуірде сатылымға шығатыны және билет бағасы қанша тұратыны жөнінде жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789514-zeilmegen-kanadalyk-bokssymen-kezdesui-sin-ggg-kansa-gonorar-alady/

pixel